Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 6 Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы
6-бап. Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

2. Ойыншықтардың қауіпсіздігін тексеру екі кезеңде жүргізіледі:

1) құжаттық тексеру;

2) тәуекелдерді бағалауды тексеру.

3. Ойыншықтардың қауіпсіздігін құжаттық тексеру:

1) тұтынушыға арналған ақпарат дәйектілігінің осы Заңның, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін тексеру;

2) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы талаптарға ойыншықтың сәйкестігін растайтын құжаттағы ақпараттың сәйкестігін тексеру арқылы жүзеге асырылады.

4. Тәуекелдерді бағалауды тексеру кезінде мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде ойыншықтардың іріктеліп алынған үлгілерін аккредиттелген зертханаларға (орталықтарға) сынақтар (зерттеулер) жүргізу үшін жібереді.

5. Ойыншықтар қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар ойыншықтар өндірісін, нарықта өткізілуін және айналысын тоқтата тұру туралы нұсқама береді.

Егер ойыншықтар өткізілуде жатқан болса, ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар адам өмірі мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға әсер ететін қауіпті факторлардың бар екендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлауға міндетті.

Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...19

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться