Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы
7-бап. Қазақстан Республикасының нарығындағы айналысы кезінде ойыншықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жалпы талаптар



Ст. 7 Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306



1. Осы Заңның күші қолданылатын ойыншықтар адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін, осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. 

2. Ойыншықтар, егер оларды мақсатқа сай пайдалану кезінде:  

1) адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қатер төндірмесе;  

2) баланың рухани-эмоциялық салауаттылығын сақтаса;  

3) тұтынушыларды ойыншықтардың мақсатына қатысты шатастырмаса ғана Қазақстан Республикасының нарығында орналастырылуы мүмкін.  

3. Ойыншықтарды нарыққа айналысқа енгізу алдында сәйкестік сертификатын алған және өнімді Қазақстан Республикасының нарығына орналастыратын тұлға ойыншықтарға (орамаға) сәйкестік белгісін қоюға міндетті.  

4. Барлық ойыншықтардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мынадай ақпараттан тұратын таңбалауы болуға тиіс:  

1) дайындаушының атауы және (немесе) оның тауар белгісі;  

2) бұйымның атауы;  

3) арналған мақсатының негізгі көрсеткіштері және қолданылуының шарттары;  

4) дайындалған күні;  

5) тауардың шыққан елі.  

5. Таңбаланымның барлық белгілері пайдалану жөніндегі нұсқаулықта түсіндірілуге тиіс.  

6. Қазақстан Республикасының нарығында ойыншықтарды орналастыратын тұлға:  

1) ойыншықтарды өткізу немесе тегін тарату кезінде тұтынушы болуы мүмкін қатерлерді бағалауы және оларға тиісті қауіпсіздік шараларын қолдануы үшін тұтынушыны мемлекеттік және орыс тілдеріндегі пайдалану құжаттамасымен және басқа да қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге;  

2) ойыншықтарды өткізу немесе тегін тарату кезінде ішінара бақылау жүргізуге, шағымдарды тексеруге, осы тұтыну заттарын өткізу кезіндегі іс-әрекет тәртібі туралы сатушыларға хабарлауға;  

3) ойыншықты пайдаланушылардың қауіпсіздігіне ықтимал қатерді анықтаған жағдайда пайдаланушыларды уақтылы ескертуді қамтамасыз етуге, ал қажет болған кезде қауіпсіздіктің қатерін жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізуге, тіпті тұтынушылардан (пайдаланушылардан) кері қайтарып алуға және сараптама жүргізуге;  

4) таратылып қойған ойыншықтардың қауіпсіздік талаптары бұзылғандығы және оларды жою жөнінде өзі қолданған шаралар туралы тиісті мемлекеттік бақылау органдарына шұғыл түрде хабарлауға;  

 5) егер ойыншықтардың белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпарат бар болса немесе ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы уәкiлеттi органдардың нұсқамалары негізінде ойыншықтарды өткізуді, оларды тегін таратуды тоқтатуға міндетті. 

 6) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

7. Осы баптың 6-тармағында көзделген шараларды қолданбау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.  

8. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...19 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306