Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы
10-бап. Машиналар мен жабдықтарды жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары



Ст. 10 Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 305



1. Машиналар мен жабдықтарды жобалау кезінде машинаның және (немесе) жабдықтың жобасының осы Заңның және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуі қажет.  

2. Машиналар мен жабдықтарды жобалау кезінде жобалаушы өмірлік циклінің барлық сатыларында, соның ішінде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар (істен шығу және сыртқы әсерлер), персоналдың ықтимал қателері пайдалану кезіндегі болуы мүмкін барлық қауіптерді сәйкестендіруге тиіс.  

3. Барлық сәйкестендірілген қауіптер үшін қатерлер есептік, эксперименттік, сарапшылық әдіспен бағалануға тиіс.  

4. Машиналар мен жабдықтардың әрбір түрі үшін қатерге жүргізілген бағалау ескеріле отырып, жобалау кезінде машиналар мен жабдықтардың өмірлік циклінің барлық сатыларында қатерді жою немесе жол берілетін (жарамды) деңгейге дейін азайту (төмендету) үшін барлық шаралар кешені айқындалуға тиіс.  

5. Қатерді жол берілетін деңгейден төмен азайту мүмкін болмаған ретте жобалаушы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүйесін көздеуге тиіс.  

6. Машиналар мен жабдықтарды жобалау кезінде жобалау құжаттамасы әзірленуге және оның экологиялық сараптамасы жүргізілуге тиіс.

Жобалау құжаттамасы жобаның техникалық сипатталымын, машиналар мен жабдықтардың, басқару тетіктерінің егжей-тегжейлі сызбаларын, машиналар мен жабдықтарды пайдалану сипаттамаларын, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қамтиды.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...20 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 305 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 305