Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы

Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы
12-бап. Машиналар мен жабдықтарды тасымалдау және сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары



Ст. 12 Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 305



1. Машиналар мен жабдықтарды тасымалдау және сақтау Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.  

2. Машиналар мен жабдықтарды, олардың тораптары мен детальдарын тасымалдауды, сақтауды жүзеге асыратын тұлғалар жобалаушы көздеген қауіпсіздік жөніндегі барлық талаптарды, тасымалдау мен сақтау кезінде қабылданған технологиялық процестерді және шарттарды ескере отырып, қатерге бағалау жүргізуге тиіс.  

3. Тасымалдау және сақтау процесінде машиналар мен жабдықтардың сақталуын, олардың қауіпсіздігіне септігін тигізетін техникалық сипаттамаларының сақталуы, қамтамасыз етудің барлық қажетті талаптары, соның ішінде орауға, тасымалдау мен сақтау жағдайларына қойылатын талаптар, белгіленген сақтау мерзімдері, жай-күйін қайта куәландыру, сақтау мерзімдері өткен жекелеген элементтерді, детальдарды, тораптарды ауыстыру мерзімдері бойынша нұсқаулар машина мен жабдықтың техникалық құжаттамасында көзделуге тиіс.  

4. Машиналар мен жабдықтарды тиеуді, түсіруді, тасымалдауды және жинап қоюды оқытылған персонал қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізуге тиіс.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...20 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 305