Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы

Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы
13-бап. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



Ст. 13 Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301



1. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдеріне:  

1) балалар тағамы азық-түлігі;  

2) диеталық тағам азық-түлігі;  

3) емдік-профилактикалық тағамдық азық-түлігі жатады.  

2. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері:  

1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген арнайы мақсаттағы тамақ өнімдеріне қойылатын талаптарға сай болуға;  

2) сатып алушылардың (тұтынушылардың) тиісті топтарының физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға;  

3) тамақтық, биологиялық және энергетикалық құндылығы бойынша ыдыста (орамада) көрсетілген ақпаратқа сәйкес болуға тиіс.  

3. Арнайы мақсаттағы өнімдерді өндіру (дайындау) кезінде азықтар және азық қоспалары, жануарлардың өсуін тездеткіштер (соның ішінде гормонды препараттар), дәрілік заттардың жекелеген түрлері, пестицидтер, агрохимикаттар, генетикалық түрлендірілген объектілер, тамаққа биологиялық активті қоспалар пайдаланылып дайындалған жасанды тамақ қоспаларын және азық-түлік шикізатын қолдануға тыйым салынады.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301