Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы
27-бап. Ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын арнайы талаптар



Ст. 27 Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301



1. Ауыз су Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.  

2. Ауыз судың қауіпсіздігі бөлігінде су жинау құрылыстарының, су дайындау жөніндегі құрылыстардың, сорғы станцияларының, су құбырлары желілерінің, су сақтайтын сыйымдылықтардың, айналымдағы сумен жабдықтау құрылыстарының техникалық құрылғыларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасында белгіленеді.  

3. Жерүсті және жерасты көздерінен шаруашылық-ауыз су қажетіне су беретін сумен жабдықтау көздерінің және су құбыры құрылыстарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес санитарлық қорғау аймағы болуға тиіс.  

4. Су дайындау станциялары, бірінші көтеру және өңделмеген суды тарту сорғы станциялары үшін алаңдар, жерасты және жерүсті суын тарту құрылыстары, ұйымдардың, резервуарлардың және су айдау мұнараларының аумағында орналасқан шаруашылық-ауыз су құбыры құрылыстары үшін алаңдар таңдауға қойылатын талаптар, құрылыс қоршауларына жапсарластар Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасында белгіленеді.  

5. Минералды табиғи суды пайдалануға оған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен курортология ғылыми орталықтарынан бальнеологиялық қорытынды алынғаннан кейін жол беріледі.

 Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.04.2016 № 504-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...26 26-1 27 28 29 ...35 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-бап Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301