Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы
30-бап. Тамақ өнімдерін сәйкестендіру



Ст. 30 Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301



1. Тамақ өнімдерін сәйкестендіру:  

1) тамақ өнімдері партиясының мөлшерін айқындау;  

2) сәйкестендіру әдістері (күнін белгілеу, тамақ өнімдері партиясын кодтау);  

3) қайтар жолын қадағалау мақсаты үшін тиісті жазбалар жүргізу рәсімдері арқылы қамтамасыз етіледі.  

2. Тамақ өнімдерінде және (немесе) оның бумасында (ыдысында) мынадай деректерден тұратын анық және өшпейтін сәйкестендіру жазбасы болуға тиіс:  

1) тамақ өнімдерінің атауы және (немесе) сериясының немесе түрінің белгіленуі, нөмірі;  

2) өндірушінің (әзірлеушінің) атауы және оның заңды мекенжайы;  

3) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындғы техникалық  регламенттерде көзделген жағдайлардағы сәйкестік белгісі;  

4) дайындалған күні және жарамдылық мерзімі.

 Техникалық регламентпен айқындалған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінде және (немесе) оның бумасында (ыдысында) өндіру объектісінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілетін есептік нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.  

3. Барлық ықтимал әсері бар қатерлер сәйкестендірілуге тиіс.

Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...35 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 30-бап Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301