Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы

Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті



Ст. 5 Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301




Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне мыналар жатады:  

1) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;  

2) уәкілетті органдардың қызметін салааралық үйлестіру;  

3) бекіту жөніндегі құзыреті осы Заңның 6-бабында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді бекіту;  

4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

 5) мыналарды:

адам өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою;

мемлекеттік тіркеуге жататын тамақ өнімдерін әкелу (импорттау);

Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін уәкілетті органдардың келісуі;

санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау);

өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру;

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау;

Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымы;

генетикалық түрлендірілген объектілердің қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бекіту;

6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау.

 Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301