Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қайырымдылық туралы
17-бап. Қайырымдылық ұйымының мәртебесі



Ст. 17 Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ



1. Қайырымдылық ұйымдары мәртебесі бойынша халықаралық және республикалық болып бөлінеді.

Халықаралық қайырымдылық ұйымдарына қызметі Қазақстан Республикасының аумағына және одан тысқары жерлерге таралатын қайырымдылық ұйымдары жатады.

Республикалық қайырымдылық ұйымдарына филиалдары мен өкілдіктерінің қызметі Қазақстан Республикасының аумағына таралатын қайырымдылық ұйымдары жатады.

2. Мәртебесіне қарамастан, белгіленген тәртіппен құрылған және тіркелген қайырымдылық ұйымдарының жаңа заңды тұлғаларды құрып, одақтар (қауымдастықтар) қабылдаған құрылтай шарттарының және жарғылардың негізінде қайырымдылық ұйымдарының одақтарын (қауымдастықтарын) құруға, сондай-ақ халықаралық одақтардың (қауымдастықтардың) қатысушысы болуға құқығы бар.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ