Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қайырымдылық туралы

Қайырымдылық туралы
19-бап. Нысаналы капиталды (эндаументті) қалыптастыру



Ст. 19 Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ



 1. Нысаналы капиталды (эндаументті) қайырымдылық ұйымы Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қайырымдылық қайырмалдығы, сыйға тарту, өсиет объектілерін басқаруға және (немесе) жалға беруге арналған шарттың (шарттардың) негізінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында не шетелдік валютада активтер қалыптастыру жолымен құрады.

2. Нысаналы капиталды (эндаументті) жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ жер учаскелері есебінен қалыптастыру олардың Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы нарықтық құны негізінде жүргізіледі.

3. Нысаналы капиталды (эндаументті) толықтыру қайырымдылық бірлестіктерінің меншігіндегі акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, сыйақы (мүдде) есебінен жүргізіледі.

4. Нысаналы капитал (эндаумент) бір жүз миллион теңге мөлшеріндегі сомадан асқан кезде қайырымдылық ұйымы нысаналы капиталды (эндаументті) сенімгерлік басқаруды басқарушы компанияға береді.

5. Бір жүз миллион теңгеден аз соманы құрайтын нысаналы капиталды (эндаументті) басқаруды қайырымдылық ұйымының қамқоршылық кеңесі жүзеге асырады.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ