Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қайырымдылық туралы
22-бап. Филантропиялық қызмет объектілері



Ст. 22 Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ




Осы Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес мыналар:

 1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, өмірлік қиын жағдайдағы, әлеуметтік оңалтуға және олардың арасында қадағалаусыз қалу мен құқық бұзушылық профилактикасы жүргізілуіне мұқтаж кәмелетке толмағандар;

2) төтенше жағдайлардан зардап шеккен және өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілуіне мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар, сондай-ақ аумақтар;

3) дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға, өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар жасалуына мұқтаж мүгедектер;

4) өздерінің құқықтарын өз бетінше іске асыруға және (немесе) өзінің тыныс-тіршілігі мәселелерін (заңды өкілдік, құқықтық көмек көрсету, қорғаншылыққа алу және басқасы) шешуге мүмкіндігі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар;

5) арнайы медициналық мекемелерде есепте тұрған адамдар;

6) басқа да объектілер филантропиялық қызмет объектілері болып табылады.


Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ