Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қайырымдылық туралы
3-бап. Қайырымдылық қағидаттары



Ст. 3 Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ



1. Қайырымдылық жасаушылар мен пайдаланушылар қайырымдылыққа заңдылық, тең құқықтылық, еріктілік және жариялылық қағидаттары негізінде қатысады.

Заңдылық қағидаты құқықтың шынайы әрекетін белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді, онда барлық тұлғалар Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген құқықтық нормаларды қатаң сақтайды.

Тең құқықтылық қағидаты қайырымдылық жасаушылардың, пайдаланушылардың шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымдарына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан, заң мен сот алдындағы тең құқықтарын қамтамасыз ететін құқықтық режимді сақтауды білдіреді.

Еріктілік қағидаты қайырымдылық жасаушының пайдаланушыға қайырымдылық көмек көрсету құқығын және пайдаланушының үшінші тұлғалар тарапынан мәжбүрлеп ықпал етусіз оны алу немесе алмау құқығын белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді.

Жариялылық қағидаты қайырымдылық жасаушының және пайдаланушының қайырымдылыққа ашық түрде қатысу, осындай қатысу нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында еркін жариялау құқығын, сондай-ақ қайырымдылыққа қатысты салық, қаржылық және бухгалтерлік есептілік туралы ақпаратты ашуға кедергі келтірмеу міндетін белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді.

2. Осы Заңда көзделген іске асырылатын қайырымдылық міндеттерін таңдау еркіндігі Қазақстан Республикасының заңдарымен ғана шектелуі мүмкін.

Статья 1 2 3 4 5 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 3-бап Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ