Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
11-бап. Жақын туыстардың бiрге қызмет iстеуiне жол бермеу



Ст. 11 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 1998 жылғы 2 шiлдедегі N 267



1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды және өзге де адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың өздерiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметтерге тiкелей бағынысты лауазымдарды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды.

2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзған адамдар, егер олар аталған жолсыздық анықталған кезден бастап үш айдың iшiнде оны өз еркiмен жоймаса, мұндай бағыныстылықта болуына жол бермейтiн қызметке ауыстырылуға тиiс, ал бұлайша ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда бұл қызметшiлердiң бiреуi қызметiнен босатылуға немесе аталған мiндеттерден өзгедей түрде босатылуға тиiс.

3. Осы баптың 1-тармағында аталған негiздер бойынша жұмыстан босатылған адамдардың басқа органдарға, ұйымдарға мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарумен ұштасатын мемлекеттiк және өзге де қызметке кiруге құқығы бар.

Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.09.25 № 484, орыс тіліндегі мәтінге өзгерту енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...20 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 1998 жылғы 2 шiлдедегі N 267