Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
4-бап. Заңның қолданылу аясы



Ст. 4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 1998 жылғы 2 шiлдедегі N 267



1. Осы Заң Қазақстан Республикасының күллi аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы Заң Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тiркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

2. Жекелеген мемлекеттiк мiндеттердi атқару тәртiбi туралы (мәслихат депутаттарының, судьялардың мәртебесi туралы, мемлекеттiк қызметшiлердiң жекелеген санаттарының қызмет өткеруi туралы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың өзге де ықтимал субъектiлерi туралы) заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулер мен тыйым салу көзделетiн басқа да құқықтық нормалар белгiленуi мүмкiн.

3. Судьялар, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жауапты болады.

 4. Сыбайлас жемқорлық қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн қылмыстық жауаптылық пен жаза, әкiмшiлiк жауаптылық пен шара тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделеді.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.09.25 № 484, орыс тіліндегі мәтінге өзгерту енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - ҚР 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...20 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 1998 жылғы 2 шiлдедегі N 267