Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
103-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану



Ст. 103 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV




1. Бала асырап алу: 

1) бала асырап алу туралы сот шешiмі жалған құжаттар негiзiнде қабылданған; 

2) осы Кодекстің 93-бабында аталған адамдардың келісімінсіз бала асырап алынған; 

3) некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) адам басқа жұбайының жазбаша келiсiмiнсiз бала асырап алған; 

4) осы Кодекстің 91-бабының 2-тармағында көзделген ережелер бұзылған жағдайларда жарамсыз деп танылады. 

2. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану сот тәртiбiмен жүргiзiледi. 

3. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы iстi асырап алушылардың, прокурордың және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен сот қарайды.


Статья 1 ...101 102 103 104 105 ...283

Перейти к статье







Добавить комментарий к 103-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV