Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
106-бап. Бала асырап алудың күшін жою негіздері



Ст. 106 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Егер бала асырап алушы: 

1) өзіне жүктелген ата-аналар міндеттерін атқарудан жалтарған; 

2) ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған; 

3) асырап алынған балаға қатігездік көрсеткен; 

4) асырап алынған балаға күш қолданған немесе психикалық зорлық жасаған; 

5) асырап алынған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаған; 

6) маскүнемдікпен, нашақорлықпен және (немесе) уытқұмарлықпен ауырады деп танылған; 

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда белгіленген бала құқықтарын бұзған жағдайда бала асырап алудың күші жойылады. 

2. Сот баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып, басқа негіздер бойынша да баланы асырап алудың күшін жоюға құқылы.

Статья 1 ...104 105 106 107 108 ...283

Перейти к статье







Добавить комментарий к 106-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV