Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 124 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.12.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
124-бап. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және білім беру, медициналық ұйымдардағы және басқа да ұйымдардағы балалардың құқықтары

1. Осы Кодекстің 60-62 және 67-баптарында көзделген құқықтармен қатар, жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және білім беру, медициналық ұйымдардағы және басқа да ұйымдардағы балалардың сондай-ақ: 

1) күтіп-бағуға, тәрбиеленуге, білім алуға, жан-жақты дамуға, өздерінің адамгершілік қадыр-қасиеттерінің құрметтелуіне, өз мүдделерінің қамтамасыз етілуіне; 

2) өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге; 

3) тұрғын үйге меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын сақтауға, ал тұрғын үйі болмаған жағдайда, оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес алуға; 

4) жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын жұмысқа орналасуда жәрдем көрсетілуіне құқықтары бар. 

2. Осы ұйымдар түлектерінің құқықтарын қорғау қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жүктеледі.

Статья 1 ...122 123 124 125 126 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 124-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV