Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 127 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
127-бап. Әрекетке қабілетті азаматтарды қамқоршылыққа алу

1. Денсаулық жағдайына байланысты өз құқығын жүзеге асыра алмайтын және қорғай алмайтын және мiндеттерiн орындай алмайтын әрекетке қабiлеттi кәмелетке толған адамның өтiнiшi бойынша оған қамқоршылық белгiленуi мүмкiн. 

2. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган әрекетке қабiлеттi кәмелетке толған адамның келiсiмiмен ғана оған қамқоршы тағайындауы мүмкiн. 

3. Әрекетке қабiлеттi кәмелетке толған қамқорлыққа алынушыға тиесiлi мүлiкке билiк етудi қамқоршы қамқорлыққа алынушымен жасалған тапсырма шарты немесе мүлiктi сенiмгерлікпен басқару негiзiнде жүзеге асырады. 

Қамқоршы қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағуға және оның тұрмыстық қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмiлелердi жасасуды қамқорлыққа алынушының келiсiмiмен жүзеге асырады. 

4. Әрекетке қабiлеттi кәмелетке толған адамның талап етуі бойынша оны қамқоршылыққа алу тоқтатылуы мүмкiн. 

Қамқоршылыққа алынған адамның қамқоршысы осы Кодекстің 129-бабында көзделген жағдайларда өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан босатылады.

Статья 1 ...125 126 127 128 129 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 127-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV