Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
133-бап. Патронат



Ст. 133 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы балаларға белгіленеді. 

2. Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган арасында жасалған баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындауына негіз болып табылады. 

3. Патронаттық тәрбие туралы ережені Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді. 

Ескерту. 133-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...132‑4 132‑5 133 134 135 ...283

Перейти к статье







Добавить комментарий к 133-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV