Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 137-3 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
137-3-бап. Бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдаған адам

1. Бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдайтын адамға баланы беру ол Республикалық деректер банкінде тіркелген жағдайда жүзеге асырылады. 

2. Бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдаған адам оның заңды өкілі болып табылмайды және ол: 

1) баланы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкетуді жүзеге асыруға; 

2) баланы медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымға орналастыру немесе ішкі істер органдарына жеткізу жағдайларынан басқа, баланы үшінші тұлғалардың (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) қадағалауына қалдыруға; 

3) бала қонақтайтын отбасына баланы беру туралы шарттың өзге де талаптарын бұзуға құқылы емес. 

3. Бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдаған адам: 

1) бала отбасында уақытша болған кезеңде оның өмірі мен денсаулығы үшін жауапты болуға; 

2) бала қонақтайтын отбасына беру туралы шарт мерзімі өткен соң бала тұрып жатқан ұйымға баланы дереу қайтаруға; 

3) баланың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдың туындағаны, баланың науқастанғаны, оның жарақат алғаны, оның медициналық ұйымға немесе ішкі істер органдарына орналастырылғаны туралы жиырма төрт сағат ішінде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға немесе бала тұрып жатқан ұйымға хабарлауға; 

4) Бала қонақтайтын отбасы туралы ереженің өзге де шарттарын сақтауға міндетті.
Статья 1 ...137‑1 137‑2 137‑3 137‑4 138 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 137-3-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV