Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 147 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.12.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
147-бап. Ерлі-зайыптылардың бірін-бірі күтіп-бағу жөніндегі міндеттері

1. Ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті. 

2. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, алимент төлеуге қажетті қаражаты бар екінші жұбайдан: 

1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының; 

2) жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбының; 

3) ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар.
Статья 1 ...145 146 147 148 149 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 147-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV