Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 148 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.08.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
148-бап. Бұрынғы жұбайдың неке (ерлі-зайыптылық)бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы

1. Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге: 

1) жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы үш жасқа толғанға дейін бұрынғы зайыбының; 

2) ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының; 

3) неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз бұрынғы жұбайының құқығы бар. 

2. Алименттің мөлшері және оны неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін бұрынғы жұбайына беру тәртібі бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы келісіммен айқындалуы не сот айқындауы мүмкін.
Статья 1 ...146 147 148 149 150 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 148-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV