Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
150-бап. Жұбайды екінші жұбайды күтіп-бағу жөніндегі міндеттен босату немесе бұл міндеттің мерзімін шектеу

Ст. 150 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Сот жұбайдың көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз екінші жұбайды күтіп-бағу міндетінен босатуы немесе некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңде де, неке бұзылғаннан кейін де бұл міндетті белгілі бір мерзімге: 

1) егер көмекке мұқтаж жұбайының еңбекке қабілетсіздігі спирттік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді теріс пайдалануы салдарынан немесе оның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауы салдарынан басталған; 

2) ерлі-зайыптылар некеде (ерлі-зайыптылықта) ұзақ тұрмаған (бес жылға дейін); 

3) алимент төлеуді талап ететін жұбай отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен жағдайларда шектеуі мүмкін. 

2. Бұрынғы жұбайын күтіп-бағу жөніндегі міндет мынадай жағдайларда: 

1) күтіп-бағуға құқығы бар жұбай жаңа некеге отырса (ерлі-зайыпты болса); 

2) осы Кодекстің 148-бабында көзделген мән-жайлар жойылса, сот шешімімен тоқтатылады. 

Ескерту. 150-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

21-тарау. ОТБАСЫНЫҢ БАСҚА МҮШЕЛЕРІНІҢ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

Статья 1 ...148 149 150 151 152 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 150-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV