Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
155-бап. Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей әкесін және өгей шешесін күтіп-бағу жөніндегі міндеттері



Ст. 155 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Өздерінің өгей ұлдарын немесе өгей қыздарын тәрбиелеген және күтіп-баққан, көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз өгей әке мен өгей шеше, егер олар өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе немерелерінен не жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) күтіп-бағу қаражатын ала алмаса, осыған қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан сот тәртібімен күтіп-бағу қаражатын беруді талап етуге құқылы. 

2. Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелесе және күтіп-бақса, сондай-ақ олар өздерінің тәрбиелеу немесе күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін тиісті түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесін немесе өгей шешесін күтіп-бағу міндеттерінен босатуға құқылы.

Статья 1 ...153 154 155 156 157 ...283

Перейти к статье







Добавить комментарий к 155-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV