Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
167-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орнын немесе тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы хабарлау міндеті

Ст. 167 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Сот шешімі немесе нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісім негізінде алиментті ұстап қалатын ұйымның лауазымды адамы алиментті өндіріп алу туралы шешімнің орындалатын жері бойынша сот орындаушысына және алимент алушы адамға алиментті төлеуге міндетті адамның жұмыстан босағаны туралы, сондай-ақ, егер бұл өзіне белгілі болса, оның жаңа жұмыс орны немесе тұрғылықты жері туралы үш күн мерзімде хабарлауға міндетті. 

2. Алимент төлеуге міндетті адам сот орындаушысы белгілеген мерзімде осы сот орындаушысына және сондай-ақ алимент алушы адамға жұмыс орнының немесе тұрғылықты жерінің өзгергені туралы, ал кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеген кезде қосымша табысының немесе өзге де кірісінің болуы туралы хабарлауға және хабарлағаны туралы растама алуға тиіс.
Статья 1 ...165 166 167 168 169 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 167-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV