Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 168 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
168-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп алу

1. Алимент төлеу туралы келісіммен немесе сот шешімімен белгіленген мөлшерде алиментті өндіріп алу, сондай-ақ алимент бойынша берешекті өндіріп алу алимент төлеуге міндетті адамның табысынан және өзге де кірісінен жүргізіледі, табысы және өзге де кірісі жеткіліксіз болған кезде алимент сол алимент төлеуге міндетті адамның банктердегі шотындағы және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшалай қаражатынан ұсталады. Бұл қаражат жеткіліксіз болған кезде ол алимент төлеуге міндетті адамның заң бойынша өндіріп алуға болатын кез келген мүлкінен өндіріп алынады. 

2. Алимент төлеуге міндетті адамның шотындағы ақшалай қаражатынан және оның өзге де мүлкінен алимент өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Статья 1 ...166 167 168 169 170 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 168-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV