Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
17-бап. Тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу



Ст. 17 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке (ерлі-зайыптылық) бұзылатын болады. 

2. Егер ерлі-зайыптылардың біреуін: 

1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса; 

2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса; 

3) сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса; 

4) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады. 

3. Некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеуді осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркеуші орган жүргізеді.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...283 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 17-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV