Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
172-бап. Алиментті есепке жатқызуға және кері өндіріп алуға жол бермеу



Ст. 172 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Алиментті басқа қарсы талаптармен есепке жатқызуға болмайды. 

2. Төленген алимент сомасын: 

1) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген; 

2) алимент алушы тарапынан алдап, қорқытып немесе күш қолданып жасалған алиментті төлеу жөніндегі келісім жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, кері талап етуге болмайды. 

3. Егер осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында тізбеленген іс-әрекеттерді кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз алимент алушының өкілі жасаса, алимент кері өндіріп алынбайды, ал төленген алименттің сомасы алимент төлеуге міндетті адамның талап-арызы бойынша кінәлі өкілден өндіріп алынады.

Статья 1 ...170 171 172 173 174 ...283

Перейти к статье







Добавить комментарий к 172-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV