Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
176-бап. Алимент төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтату



Ст. 176 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Алимент төлеу туралы келісімде белгіленген алимент төлеу жөніндегі міндет осы келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанда немесе осы келісімде көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ тараптардың бірі қайтыс болғанда тоқтатылады. 

2. Сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу: 

1) бала кәмелетке толғанда немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетті болған жағдайда немесе алимент төлеу туралы келісімде көрсетілген жасқа толғанда; 

2) күтіп-бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап алынғанда; 

3) сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда; 

4) еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегіне мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге отырғанда (ерлі-зайыпты болғанда); 

5) алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады. 

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
6-БӨЛІМ. АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ
24-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


Статья 1 ...174 175 176 177 178 ...283

Перейти к статье







Добавить комментарий к 176-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV