Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 186 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.06.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
186-бап. Жеке адамдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін сақтау міндеті

1. Жеке адамдар осы Кодексте белгіленген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін сақтауға міндетті. 

2. Тіркеуші органдарда азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде мемлекеттік тіркеу міндеті азаматтарға жүктеледі. 

3. Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайларды жасыруға немесе жалған мәліметтер беруге тыйым салынады. 

4. Өкіл арқылы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеуге, баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтауға, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуге жол берілмейді. 

25-тарау. БАЛАНЫҢ ТУУЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ

Статья 1 ...184 185 186 187 188 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 186-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV