Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
204-бап. Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу үшін негіз

Ст. 204 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу: 

1) баланың ата-анасының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініші; 

2) анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған; анасы психикалық аурудың немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған; анасы ата-ана құқықтарынан айырылған не оның ата-ана құқықтары шектелген; баланың анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтініші; 

3) әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы сот шешімі негізінде тіркеуші органдарда жүргізіледі. 

2. Психикалық аурудың немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның, сондай-ақ осы әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысының өтініші бойынша әке болуды анықтауға тыйым салынады.
Статья 1 ...202 203 204 205 206 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 204-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV