Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
207-бап. Ата-аналарының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініші кезінде балаға тегін, әкесінің атын беру



Ст. 207 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Ата-аналарының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініші кезінде баланың тегі - ата-аналарының келісімі бойынша, ал келісім болмаған кезде сот тәртібімен айқындалады. 

Баланың таңдап алынған тегі әке болуды анықтау туралы өтініште көрсетілуге тиіс. 

2. Баланың әкесінің аты, оның ішінде кәмелетке толған балаға да қатысты, егер оның тарапынан қарсылық болмаса, әкесінің аты бойынша өзгертіледі. 

Баланың туу туралы акт жазбасында бұрын көрсетiлген (анасының көрсетуi бойынша) баланың әкесiнiң аты баланың әкесi деп танылған адамның атымен сәйкес келмеген жағдайда, тіркеуші орган әке болуды анықтауды мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқылы емес. 

3. Егер баланың ата-аналары ол туғаннан кейiн некеге отырса (ерлі-зайыпты болса), әке болуды анықтауды мемлекеттік тiркеместен, әкесi туралы мәлiметтердi баланың туу туралы акт жазбасына енгiзуге жол берiлмейдi.

Статья 1 ...205 206 207 208 209 ...283

Перейти к статье







Добавить комментарий к 207-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV