Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
208-бап. Өзінің баланың әкесі екенін мойындаған адамның өтініші бойынша әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу



Ст. 208 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу өзінің баланың әкесі екенін мойындаған адамның жазбаша өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 

2. Өзінің баланың әкесі екенін мойындаған адамның өтінішіне оның жеке басын куәландыратын және анасының болмауының мән-жайын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы куәлік; психикалық аурудың немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан анасын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру не оны шектеу туралы сот шешімі; анасының тұрғылықты жерін анықтаудың мүмкін еместігі туралы анықтама қоса беріледі.

Статья 1 ...206 207 208 209 210 ...283

Перейти к статье







Добавить комментарий к 208-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV