Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 211 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
211-бап. Сот шешімі бойынша әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу кезінде балаға тегін, әкесінің атын беру

1. Сот шешімі бойынша әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу кезінде әкесі туралы мәліметтер сот шешіміне сәйкес көрсетіледі. 

Әкесінің тұрақты тұрғылықты жері, оның жұмыс орны, егер осы мәліметтер сот шешімінде көрсетілмесе, өтініш берушінің айтуымен жазылуы мүмкін. 

Сот шешімінде әкесінің ұлты туралы мәліметтер болмаған кезде әке болуды анықтау туралы акт жазбасындағы ұлты туралы баған оның жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде толтырылады. 

2. Балаға тегі - сот шешіміне сәйкес, ал мұндай жазба болмаған кезде өтініш берушінің көрсетуі бойынша беріледі. Бұл мәселе бойынша дау туындаған жағдайда тегі сот шешімі бойынша жазылады.
Статья 1 ...209 210 211 212 213 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 211-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV