Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 217 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
217-бап. Әке болуды анықтау туралы жазбалар кітабына енгізілетін мәліметтер

Әке болуды анықтау туралы акт жазбасына мынадай деректер: 

1) баланың тууын мемлекеттік тіркеу күні; 

2) баланың туу туралы акт жазбасының нөмірі; 

3) баланың әке болуды анықтағанға дейінгі және одан кейінгі тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса); 

4) баланың туған уақыты мен туған жері; 

5) ата-аналарының тектері, аттары, әкелерінің аттары (егер бар болса), туған күні, айы, жылы, тұрақты тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, азаматтығы, табыс көзі немесе жұмыс орны, егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген болса, ұлты; 

6) оның негізінде әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу жүргізілген құжат туралы мәліметтер; 

7) өтініш иесі туралы мәліметтер; 

8) берілген куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
Статья 1 ...215 216 217 218 219 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 217-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV