Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 223 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
223-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімдерін қысқарту және ұзарту

1. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша, тиісті құжаттармен (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталған дәлелді себептер (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімін күнтізбелік он бес күн өткенге дейін қысқартады не бұл мерзiмдi ұзартады, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс. 

Мерзiмдi қысқарту уақыты әрбiр жеке жағдайда нақты мән-жайларға байланысты айқындалады. 

2. Жекелеген жағдайларда, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеудi күту мерзiмi неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеуге кедергi келтіретін мән-жайлар болған кезде ғана тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің бастамасы бойынша ұлғайтылуы мүмкiн. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазба жасалғанға дейiн тіркеуші органның жұмыскері, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері жазбаны тоқтата тұруға және өтініш берушiден күнтізбелік он бес күннен асыруға болмайтын белгiленген мерзiмде тиiстi құжаттық дәлелдемелер ұсынуды талап етуге міндеттi. 

Тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі мүдделi адамдардың өтінуі бойынша немесе өз бастамасымен қажеттi тексеруді жүргiзеді. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеудi кейінге қалдыру туралы неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш берген адамдар хабардар етіледі. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) заңды кедергiлер болған кезде тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі оны мемлекеттік тiркеуден бас тартады. 

Егер мұндай кедергiлер туралы мәлiметтер расталмаса, некенi (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тiркеу жалпы негiздерде жүргiзiледi. Аталған мән-жайларды тексеру күнтізбелік он бес күн ішінде аяқталуға тиiс. 

Күнтізбелік он бес күнді қысқарту немесе ұлғайту туралы рұқсатты – тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері, ал олар болмаған кезде олардың мiндетiн атқарушы адам неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтінішке қарар түрінде бередi. 

Егер некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек бiлдiрушiлер дәлелдi себептер бойынша белгiленген күнi тіркеуші органға немесе Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмайтын болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеу мерзiмi олардың өтінуі бойынша басқа уақытқа ауыстырылады. 

Ескерту. 223-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...221 222 223 224 225 ...283

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться