Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 225 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
225-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың тектерін жазу тәртібі

1. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегін екінші жұбайының тегіне өзгертуге тілек білдірген жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында ортақ тек ретінде таңдап алынған тегі көрсетіледі. 

2. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасын жасаған кезде бұрынғы тектерінде қалуға тілек білдірген ерлі-зайыптылардың тектері өзгертілмейді. 

3. Өзінің некеге дейінгі тегіне екінші жұбайының тегін қосып жазуға тілек білдірген жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында қосылатын тегі некеге дейінгі тегінен кейін сызықша арқылы жазылады. 

4. Ерлі-зайыптылардың тектерін таңдауы некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен жазбаша өтініште көрсетіледі.
Статья 1 ...223 224 225 226 227 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 225-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV