Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
23-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған жағдайда оның тоқтатылу кезі



Ст. 23 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Тіркеуші органдарда бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) - азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, ал неке (ерлі-зайыптылық) сотта бұзылған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

Сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жер бойынша, сондай-ақ неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеген жер бойынша тіркеуші органға жіберуге міндетті.

2. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне енген соттың шешімі сот шешімі шығарылған жер бойынша не ерлі-зайыптылардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуге жатады.

Ерлі-зайыптылар алдындағы некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылғаны туралы куәлік алғанға дейін жаңадан некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыруға (тіркелуге) құқылы емес.

Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...283 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 23-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV