Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
232-бап. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтамалар беру тәртібі



Ст. 232 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын не бұрын тұрған азаматтарға беріледі. 

2. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тіркеуші органы аудандардың тіркеуші органдарының мұрағаты бойынша тексерулер негізінде өтініш жасалған күні береді. 

Егер адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге кеткенге дейін бір әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұрған болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының бар екендігін тексеру он алты жастан бастап жүргізіледі, өзге жағдайда анықтама осы аумақта тұрған кезден бастап беріледі. 

3. Анықтамалар алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды: 

1) жеке басын куәландыратын құжатты; 

2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiкті немесе егер өтініш беруші некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), жұбайының қайтыс болуы туралы куәлiкті ұсынады.

Статья 1 ...230 231 232 233 234 ...283

Перейти к статье







Добавить комментарий к 232-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV