Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 233 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
233-бап. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу

1. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен осы Кодексте көзделген неке қию (ерлі-зайыпты болу) шарттарын сақтай отырып, адамның күзетпен ұстау немесе жазасын өтеп жүрген орны бойынша, тиісті мекеменің әкімшілігі айқындаған үй-жайда жүргізеді. 

2. Күзетпен қамауда отырған адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеуді тіркеуші орган осы іс жүргізуінде жатқан адамды немесе органды хабардар еткеннен кейін жүргiзедi. 

Ескерту. 233-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...231 232 233 234 235 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 233-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV