Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 234 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
234-бап. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасының мазмұны

1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер: 

1) некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) әрқайсысының тегі (неке қиылғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейінгі және одан кейінгі), аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні, айы, жылы мен туған жері, жасы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлты, табыс көзі немесе жұмыс орны, тұрғылықты жері және заңды мекенжайы, білімі, отбасылық жағдайы; 

2) ортақ балалары туралы мәліметтер; 

3) некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері; 

4) акт жазбасының жасалған күні және нөмірі; 

5) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы берілген куәліктің нөмірі енгізіледі. 

2. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған немесе жарамсыз деп танылған жағдайда неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасына қажетті мәліметтер енгізіледі. Мұндай мәліметтерді енгізу некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің не ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы жазбаның негізінде жүргізіледі.
Статья 1 ...232 233 234 235 236 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 234-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV