Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 238 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
238-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер

1. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші, белгіленген тәртіппен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға құқығы бар ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші, сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге негіздер болып табылады. 

2. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде жүргізіледі. 

3. Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі. 

4. Ерлі-зайыптылардың ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша: 

1) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің; 

2) жұбайын әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің; 

3) жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде тіркеуші органдарда бұзылады.
Статья 1 ...236 237 238 239 240 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 238-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV