Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 245 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
245-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының мазмұны

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер: 

1) бұрынғы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының тегі неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейінгі және одан кейінгі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні, айы, жылы мен туған жері, жасы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе, ұлты, тұрғылықты жері және заңды мекенжайы, білімі, табыс көзі немесе жұмыс орны, некенің (ерлі-зайыптылықтың) саны туралы мәліметтер; 

2) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасының жасалған күні, нөмірі және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу жүргізілген тіркеуші органның атауы; 

3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға негіз болып табылатын құжат; 

4) некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылған күні; 

5) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері; 

6) мемлекеттік бажды төлегені туралы мәліметтер; 

7) өтініш беруші туралы мәліметтер; 

8) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
Статья 1 ...243 244 245 246 247 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 245-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV