Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 247 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
247-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік мынадай мәліметтерді: 

1) атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейінгі және одан кейінгі, туған күні, айы, жылы мен туған жерін, азаматтығын, егер бұрынғы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлтын; 

2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құжат туралы мәліметтерді; 

3) некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылған күнін; 

4) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы актінің жасалған күні мен нөмірін; 

5) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік берілген адамның атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін; 

6) құжаттың берілген күнін және оны берген тіркеуші органның атауын; 

7) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің сериясы мен нөмірін қамтиды. 

Егер неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікте некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің заңды күшіне енетін күні көрсетілуге тиіс. 

29-тарау. БАЛА АСЫРАП АЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ

Статья 1 ...245 246 247 248 249 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 247-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV