Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 250 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
250-бап. Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

1. Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен және соттың бала асырап алу туралы заңды күшіне енген шешімінің көшірмесін ұсынған кезде бала асырап алушының жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі. 

Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді. 

Бала асырап алушылар бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беруге жазбаша нотариатта куәландырылған нысанда басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы. 

2. Егер бала асырап алушылар немесе уәкілетті адам соттың бала асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш жасамаған жағдайда, тіркеуші орган бала асырап алу туралы шешім шығарған соттан түскен шешімнің көшірмесі немесе сот шешімінің үзінді көшірмесі негізінде бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы жазбаны дербес жүргізеді.
Статья 1 ...248 249 250 251 252 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 250-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV