Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 252 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.08.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
252-бап. Бала асырап алу туралы акт жазбасының мазмұны

Бала асырап алу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер: 

1) баланы асырап алуды мемлекеттік тіркегенге дейінгі және одан кейінгі баланың аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі; 

2) баланың туған күні, айы, жылы, туған жері және азаматтығы; 

3) ата-анасының аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі, азаматтығы, акт жазбасында немесе баланың туу туралы куәлігінде болған кезде, ұлты; 

4) бала асырап алу туралы акт жазбасының жасалған күні және нөмірі, баланың тууын мемлекеттік тіркеуді жүргізген тіркеуші органның атауы; 

5) бала асырап алу туралы актінің жасалған күні; 

6) бала асырап алушылардың аттары, әкелерінің аттары (егер бар болса), тектері, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе, ұлты, табыс көзі немесе жұмыс орны, тұрақты тұрғылықты жері; 

7) бала асырап алушылардың баланың ата-анасы болып жазылғаны не жазылмағаны; 

8) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып табылатын құжат туралы мәліметтер; 

9) бала асырап алу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
Статья 1 ...250 251 252 253 254 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 252-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV