Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 261 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
261-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішке өтініш берушінің атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын мынадай құжаттар: 

1) өтініш берушінің туу туралы куәлігі; 

2) егер өтініш беруші некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік; 

3) егер өтініш берушінің кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәліктері; 

4) егер оларды тіркеуші органдар тіркеген болса, бала асырап алу туралы куәлік не әке болуды анықтау туралы куәлік; 

5) егер өтініш беруші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік; 

6) өтініш берушінің екі фотосуреті қоса беріледі. 

Қажет болған жағдайда, өтініш берушінің атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттар талап етіледі.
Статья 1 ...259 260 261 262 263 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 261-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV