Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
272-бап. Қайтыс болу туралы акт жазбасының мазмұны

Ст. 272 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Қайтыс болу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер: 

1) қайтыс болған адамның аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі, туған күні, айы, жылы мен туған жері, соңғы тұрғылықты жері, жынысы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе, ұлты, қайтыс болған күні мен орны; 

2) қайтыс болу фактісін растайтын құжаттың негізінде қайтыс болу себебі; 

3) қайтыс болу фактісін растайтын құжат; 

4) қайтыс болу туралы мәлімдеме жасаған мәлімдеме жасаушының аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі, тұрғылықты жері не органның, ұйымның атауы және заңды мекенжайы; 

5) қайтыс болу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
Статья 1 ...270 271 272 273 274 ...283

Перейти к статье






Добавить комментарий к 272-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV