Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
28-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп танудың салдары



Ст. 28 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, сот жарамсыз деп таныған неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен міндеттерін туғызбайды.

2. Некесі (ерлі-зайыптылығы) жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларымен реттеледі. Мұндай жағдайда ерлі-зайыптылар жасасқан неке шарты жарамсыз деп танылады.

3. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану мұндай некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз сексен күн ішінде туған балалардың құқығына нұқсан келтірмейді.

4. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы шешім шығарылған кезде сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылған мән-жайлар неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде өзіне белгілі болмаған жұбайдың (адал ниетті жұбайдың) екінші жұбайдан осы Кодекстің 148 және 149-баптарына сәйкес қаражат алу құқығын тануға құқылы, ал неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған кезге дейін бірлесіп сатып алынған мүлікті бөлуге қатысты осы Кодекстің 33, 37 және 38-баптарында белгіленген ережелерді қолдануға, сондай-ақ неке шартын толық немесе ішінара жарамды деп тануға құқылы.

Адал ниетті жұбай Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес екінші жұбайдан өзіне келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы.

5. Адал ниетті жұбай некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану кезінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезіндегі өзі таңдаған тегін сақтауға құқылы. 
6-тарау. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...283 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 28-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV