Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
282-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі



Ст. 282 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV




1. Осы Кодекс оны қолданысқа енгізгеннен кейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. 

2. Осы Кодекстің 112-бабы 2-тармағының 8), 9) және 10) тармақшаларының ережелері қолданысқа енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттеуді алған бала асырап алу жөніндегі агенттіктер көрсетілген тармақшалардың ережелері қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органына тиісті міндеттемелер ұсынуға міндетті. 

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң осы Кодекстің 112-бабының 2-тармағы 8), 9) және 10) тармақшаларының ережелеріне сәйкес міндеттемелер ұсынбаған бала асырап алу жөніндегі агенттіктер Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін тоқтатады. 

Ескерту. 282-бап жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...280 281 282 283

Перейти к статье







Добавить комментарий к 282-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV